Государственная лицензия АБ № 13014226 от 11.09.2013г.
без ограничения срока действия
KK RU EN

Из нашего колледжа выходят самостоятельные, здоровые, востребованные личности, настоящие граждане и просто хорошие люди!

26-11-2020, 04:42 • просмотров - 7
ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ В ТУСУРе!!!
подробнее
27-08-2020, 08:24 • просмотров - 87
ГРАФИК ВЫДАЧИ УЧЕБНИКОВ ДЛЯ ПЕРВОГО КУРСА
подробнее
Архив >>
ДП-16 тобының студенті - Михуля Юрий, «Үздік студент - 2017» сайысының жеңімпазы
13-04-2013 15:03
ДП-16 тобының студенті - Михуля  Юрий, «Үздік студент - 2017» сайысының жеңімпазы

Мен бұл колледжде бір жыл бойы бойыма тек жақсы қасиеттерді, құнарлы білімді сіңірдім десем де болады. Өйткені, біздің колледжіміздің ұстаздары өте керемет деп есептеймін. Неге екенін білмеймін, алғаш колледжге түскеннен бастап түрлі мереке, байқауларға, колледждің қоғамдық өміріне араласып, белсене қатысып келемін. Біздің колледждің әкімшілігі әр мерекенің жоғары дәрежеде өтуін қадағалайды. Сондықтан, білім алушылар мен оқытушылар жиі дайындықтар өткізіп, жастардың қызығушылықтарын арттырып, дарын, қабілеттерін ашып отырады. Бұл білім ордасы мені өмірге жаңа көзқараспен қарауды, алға мақсат қоя білуді, жауапкершілікті болуды үйретті. Білімімді одан әрі жетілдіріп, өз мамандығымның қыр-сырын терең түсіне бастадым. Бір жыл болса да, бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындаған оқытушыларға алғысымыз шексіз. «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының кереметтей сөзі дана сөз деп ойлаймын. Ұстаз тек қана  жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмай, ең алдымен балаға тәрбие беру керек. Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білген ұстаздарға алғыс айтқым келеді.

         Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мен осы колледжге келіп, оқуға түскеніме ешбір өкінбеймін. Болашақта колледжімнің дәрежесін биікте ұстап, даңқын шығаруға бар күш-жігерімде саламын!

Пока еще нет комментариев