Государственная лицензия АБ № 13014226 от 11.09.2013г.
без ограничения срока действия
KK RU EN

Из нашего колледжа выходят самостоятельные, здоровые, востребованные личности, настоящие граждане и просто хорошие люди!

27-04-2020, 06:29 • просмотров - 27
Выходные в мае
подробнее
28-02-2020, 01:40 • просмотров - 25
ЗАСЕДАНИЕ ДЕБАТНОГО КЛУБА
подробнее
Архив >>
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану
27-04-2020 17:25
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану

Адамзат баласының өсіп-өркендеуі мен қоғам дамуындағы сан алуан тарихтың басын біріктірген және оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін құрал – құжат. Кезінде академик Е.В.Тарле «Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ» деген.

Құжат – қандай да бір ақпаратты тасушы құрал болып табылады. Сол құралды дұрыс, нақты, әрі талапқа сай жасау мекеменің іс қағаздарын жүргізушісіне, оны одан әрі болашақта қоғамның тиімді пайдалануына жағдай жасайтын маман архив қызметкері болып табылады.

Кез  келген мекеме, кәсіпорын, ұйымның жұмысы ресми құжатпен байланысты. Мекеменің тиімді әрі өркениетті жұмыс істеуі үшін, онда өз ісінің білікті мамандары қызмет жасауы керек. Өз лауазымдық міндеттерін мінсіз орындайтын маман иесі кәсіпорынның сенімді тірегі екенін ескерген жөн.

Болашақ талапкер қандай мамандық таңдауым керек деген сұраққа жауап іздеудесіз бе?

Онда «Іс қағаздарын жүргізу мен мұрағаттану» мамандығының артықшылықтарын көрсете кетейік:

  • Бұл мамандық бойынша кез келген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемеге жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
  • Мансаптық өсу (құжаттаманы басқару, кадр бөлім меңгерушісі және т.б.);
  • Басқа салалар бойынша білімді жетілдіру мүмкіндігі;
  • Кез келген құжатты талапқа сай, сауатты орындау;
  • Тұрақты жалақы, сыйақы мен көтермелеулер;
  • Жеке немесе командалық жұмыс;
  • Кез келген оргтехникамен жоғары деңгейде жұмыс істеу;
  • Адамдармен тез тіл табысу білу және т.б.